Полторанин "Тур де Скиді" бесінші орынмен аяқтады

Фотография - Полторанин "Тур де Скиді" бесінші орынмен аяқтады

Соңғы кезең дәстүрлі түрде Италияның Валь-ди-Фьемме автономиялық облысының Альпе-Чермис тауында өтті

100 0

Шаңғы спортынан "Тур де Ски" турнирі өз мәресіне жетті. Жетінші кезеңнен үшінші орында тұрған қазақстандық Алексей Полторанин соңғы сегізінші кезеңде бесінші келді, деп хабарлады Baq.kz. 

Соңғы кезең дәстүрлі түрде Италияның Валь-ди-Фьемме автономиялық облысының Альпе-Чермис тауында өтті. Шаңғышылар тоғыз шақырымдық жарыс жолын еркін стильде басып өтті.

Кезең жеңімпазы – норвегиялық Мартин Сундбю. Екінші болып оның отандасы Финн Крог келді. Ал ресейлік Сергей Устюгов соңғы кезеңді үшінші болып аяқтады. Төртінші орын тағы бір норвегиялық спортшы Питер Нортугаға бұйырса, қазақстандық Алексей Полторанин бесінші орынды иеленді.

Шаңғы жарысы. "Тур де Ски". Сегізінші кезең. Валь-ди-Фьемме (Италия)
Ерлер. Масс-старт. Еркін стиль. 9 шақырым.

1. Мартин Йонсруд Сундбю (Норвегия) — 30:47.0
2. Финн-Хоген Крог (Норвегия) — +3:15.7
3. Дмитрий Устюгов (Россия) — +3:43.8
...5. Алексей Полторанин (Казахстан) — +4.

"Тур де Ски" турнирінде осымен үшінші жыл қатарынан норвегиялық Мартин Сундбю жеңіске жетті. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!