Қазақстан құрамасы Әзірбайжанмен жолдастық кездесу өткізеді

Фотография - Қазақстан құрамасы  Әзірбайжанмен жолдастық кездесу өткізеді

Бұған дейін екі құрама жеті рет жолыққан

187 0

Қазақстан футбол федерациясы мен Әзірбайжан футбол қауымдастығы екі елдің ұлттық құрамалары арасында жолдастық матч өткізу жөнінде келісімге келді, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметінен

Кездесу 26 наурыз күні  Түркияның Анталия қаласында өтеді.

Бұған дейін Қазақстан мен Әзірбайжан құрамалары жеті рет кездескен болатын. Оның төртеуі  Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирі аясында өткізілсе, қалған  үш ойын жолдастық кездесу мәртебесіне ие.

Аталған жеті ойынның екеуінде Қазақстан футболшылары жеңіске жетсе, екі ойында Әзірбайжан құрамасы басым түсті. Ал, үш ойын тең аяқталды. Екі құрама арасындағы соңғы матч 2011 жылы өтті.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!