Лионель Месси "Алтын доптарының" санын беске жеткізді

Фотография - Лионель Месси "Алтын доптарының"  санын беске жеткізді

сурет sport-express.ru сайтынан

Үміттілердің қатарында Неймар мен Роналду болған еді

599 0

Бүгін Цюрих қаласында 2015 жылдың үздік футболшысы анықталып, оған "Алтын доп" табысталады. Өткен маусымның үздік ойыншысы болып Леонель Месси танылды. Үміткерлердің арасында Мессидің командаласы Неймар мен "Реал" шабуылшысы Криштиану Роналду болған еді. Месси үшін бұл спорттық ғұмырындағы бесінші "Алтын доп".


Әйелдер арасындағы өткен жылдың үздігі болып АҚШ-тың әйелдер құрамасының капитаны Карли Ллойд танылды


2015 жылдың символдық құрамына "Барселона"мен "Реалдан" төрттен, "ПСЖ", "Ювентус", "Бавария" командаларынан бір ойыншыдан кірді.


Өткен жылдың әйелдер арасындағы үздік бапкері атағы Джилл Эллисқа бұйырды.


Ал ерлер арасындағы үздік бапкер "Барселона" командасының тізгінін ұстаған Луис Энрике деп танылды. 


ФИФА-ның шешімі бойынша 2015 жылғы ең үздік голды соққан, яғни, "Пушкаш сыйлығына"  Бразилияның төртінші дивизионында "Гоянесии" командасында ойнайтын Венделл Лира лайық деп танылды.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!