"Барыс" қатарынан бесінші рет қарсыласынан басым түсті

Фотография - "Барыс" қатарынан бесінші рет қарсыласынан басым түсті

Бұл жолы жолы болмаған ұжым тольяттилық "Лада" командасы

125 0

Бүгін Астананың "Барысы" Құрлықтық хоккей лигасы шеңберінде Тольяттиде жергілікті "Лада" командасымен сынға түсті. Тартысты өткен ойын нәтижесінде астаналықтар 4:1 есебімен басым түсіп, қатарынан бесінші рет жеңіске жетті. Бұл туралы egemen.kz  хабарлады.

Кездесудің бар болғаны 30-секундында қонақтар есеп ашты. "Ә" дегеннен алға ұмтылған "Барыс" ойыншылары Найджел Доустың дәл соққысының арқасында алға шықты. Үзіліске дейін айдын иелері таразы басын теңестірудің амалын таба білді. Атап айтқанда, 15-минутта ойыншы басымдығын жүзеге асырған ресейліктер Дмитрий Воробьевтің көмегімен есепті 1:1-ге жеткізді.

Екінші кезең тағы да біздің команданың белсенділігімен басталды. Нәтижесінде 22-минутта Найджел Доус дубльдің авторы атанды. Соңғы кезеңнің алғашқы минутында "Барыс" ойыншылары есепті еселеді. Бұл жолы көк жолақтың бойынан қарсыластар қақпасын дәл көздеген Брэндон Боченскидің мерейі үстем болды. Арада 4 минут өткенде Доус үшінші шайбасын соғып, хет-трик жасады. Ойынның қалған уақытында есеп өзгерген жоқ.

Осы жеңісінен кейін Андрей Назаровтың шәкірттері 72 ұпаймен Шығыс конференциясындағы 7-орнын сақтап қалды. Ал 58 ұпайы бар "Лада" турнир кестесінде 12-орында тұр.

Айта кетейік, "Барыс" келесі кездесуін 13 қаңтар күні қонақта Ярославльдің "Локомотивімен" өткізеді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!