Смаков және Красножан "Алтын доп" иегерін таңдау кезінде Мессиге дауыс берген

Фотография - Смаков және Красножан "Алтын доп" иегерін таңдау кезінде Мессиге дауыс берген

Кеше түнде Швейцарияның Цюрих қаласында футболдан 2015 жылғы әлемнің үздік ойыншысына берілетін "Алтын доптың" иегері анықталды

193 0

Кеше түнде Швейцарияның Цюрих қаласында футболдан 2015 жылғы әлемнің үздік ойыншысына берілетін "Алтын доптың" иегері анықталды. Осы орайда біз дауыс беруге қатысқан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері, капитаны және спорт журналисінің кімдерге дауыс бергенін айта кеткенді жөн көріп отырмыз.  

Ұлттық құраманың бас бапкері қызметін атқарған ресейлік маман кезде Юрий Красножан үздік үштікке Лионель Месси, Криштиану Роналду және Неймарды таңдапты. Бұл жағынан Красножанның түйсігі алдамаған тәрізді. Кеше жеңімпаздар дәл осы рет бойынша анықталды.

Команда капитаны Самат Смақов та бірінші және екінші орындарға Месси мен Роналду таңдаған. Тек үштікке Эден Азар қойыпты.
Ал спорт журналисі Гений Төлегенов болса "Барселонаның" қазіргі екі ойыншысын және бір экс-футболшысын таңдаған. Олар: Лионель Месси, Алексис Санчес, Андреас Иньеста.

Айта кетейік, дауыс берудің қорытындысы бойынша Лионель Месси 41,33 %, Криштиану Роналду 27,76 %, Неймар 7,86 % жинады.


baq.kz




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!