Спорт комментаторларын дайындайтын орталық өз жұмысын бастамақ

Фотография - Спорт комментаторларын дайындайтын орталық өз жұмысын бастамақ

Жобаның басты мақсаты сауатты комментаторлар мен журналистер даялау

875 0

Қазақ спорт журналистері мен комментаторлары саусақпен санарлық екені өтірік емес. Барларының өзі өз ісінің хас шеберлері деп тағы айта алмаймыз. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында спорт журналистері мен комментаторларын даярлау мектебі  өз жұмысын бастамақ. 

"Елімізде осы салада  ашылғалы  жатқан алғашқы орталық  спорт журналистері мен комментаторларын даярлау мақсатында  аптасына екі рет, екі ай бойы өткізіледі", деп мәлімдеді жоба жетекшілерінің бірі, танымал спорт комментаторы Рауан Оқас.


 "Тәлімгерлер, теория мен практика жүзінде онлайн спорт журналистикасы, баспасөз бен телеарналардағы спорт журналистикасы және спорт комментаторлығының қыр-сырын үйренеді. Екі айлық дәрістен кейін, тәлімгерлер БАҚ-нан 10 күндік тәжірибеден өтеді. Және курс бітіргені туралы сертификатқа, спорттық сыйлықтарға ие болады", дейді жоба ұйымдастырушылары.

Тәлімгерлерге елімізге танымал спорт комментаторлары Есей Жеңісұлы, Ержан Көшкінбай, Ермұхамед Мәулен, Рауан Оқас, Руслан Меделбек сынды өз ісінің білгірлері дәріс өткізеді. 

Бұдан өзге ақпаратты sportjournalism.kz сайтынан оқып білуге болады. 




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!