Вандалдар Роналдудың ескерткішінің арқасына "Месси" деп жазып кеткен

Фотография - Вандалдар Роналдудың ескерткішінің арқасына "Месси" деп жазып кеткен

Бұл "Алтын доп" үшін таласта Роналду "мәңгілік қарсыласы" Мессиге жол бергеннен соң болып отыр

312 0

Криштиану Роналдудың туған қаласы Фуншалда "Реал" шабуылшысына қойылған ескерткішке вандалдар Мессидің есімін жазып кеткен , деп жазды испандық басылымдар.

Цюрих қаласында "Алтын допты" тапсылу рәсімі өткен күннің кешінде Криштиану Роналдудың ескеткішінің арқасында "Месси 10" деген жазу пайда болған.

Фуншал қаласында Роналдудың ескерткіші 2014 жылдың 21 желтоқсанында бой көтерген.


Естеріңізге салсақ,"Алтын доп" әр елдің құрамаларының капитандары мен бапкерлерінің және тілшілердің дауыс беру нәтижесінде Мессиге бұйырған. Ол финалдық кезеңде Неймармен Роналдудан көп дауыс жинап жеңімпаз атанған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!