Қазақстанның боксшы қыздары Ұлт кубогында 7 медальді иеленді

Фотография - Қазақстанның боксшы қыздары Ұлт кубогында 7 медальді иеленді

Қазақстан атынан 17 спортшы қатысты, олардың 12-сі ересектер

151 0

Сербияда өткен Ұлт кубогы – әртүрлі жас категориясында әйелдер арасында осымен 5-рет өткізіліп жатқан халықаралық турнир болып табылады. 2016 жылғы Кубок үшін 34 елдің қатысушылары бақ сынасты. Барлығы 256 спортшы қыздардың 44-і – юниорлар, 63 боксшы жастар категориясынан, ал қалған 162-сі – ересектер.Бұл туралы 24.kz сайты хабарлады.

Қазақстан атынан 17 спортшы қатысты, олардың 12-сі ересектер. Барлығы ұлттық құрама командасына кіреді. Ересектер арасындағы алтын медалді Юлдуз Маматкулова жеңіп алса, күмістен алқаны Мадина Нұршаева (64 кг) тақты. Ал қола жүлде Назым Кызайбайға бұйырды. Ал жастар арасында күміс жүлдені Айдана Тузенова (69 кг) қанжығасына байласа, Ляйла Құсайынова (69 кг) қола медальді иеленді. Юниорлар арасында үздіктер қатарынан Пакизат Серікбай (46 кг) көрініп, күміс алқа иеленсе, Жамиля Болат (63 кг) қола медальдің иегері атанды. Нәтижесінде біздің команда 7 медальмен 5-орынға жайғасты.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!