"Барыс" Ярославльдік "Локомотивке" есе жіберді

Фотография - "Барыс" Ярославльдік "Локомотивке" есе жіберді

Есеп 1:4.

109 0

Құрлықтық хоккей лигасы шеңберінде Астананың "Барысы" Ярославльде жергілікті "Локомотивпен" кездесіп, 1:4 есебімен есе жіберді. Осылайша, қатарынан соңғы бес ойында қарсыластарынан басым түскен астаналықтар жеңіс сериясын әрі қарай жалғастыра алмады. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.

Матчтың бірінші кезеңінде есеп ашылмады. Келесі бөлікте жанкүйерлер бір ғана голдың куәсі болды. Атап айтқанда, 31-минутта айдын иелері сапынан Сергей Коньков мергендігімен көзге түсті.

Ал соңғы кезеңде төрт бірдей шайба соғылды. Өкінішке қарай, соның үшеуі біздің қақпаға енді. Алдымен, 53-минутта "Локомотив" ойыншысы Денис Мосалев нәтижелі соққы жасаса, арада бар болғаны 38 секунд өткенде Егор Аверин үшінші голдың авторы атанды.

Осыдан кейін "Барыс" хоккейшілері лезде есе қайтарып, 54-минутта команда капитаны Брэндон Боченскидің көмегімен есеп айырмасын қысқартқан болатын. Артынша ойынды құтқарып қалмақ болған жаттықтырушы Андрей Назаров қақпашыны алтыншы ойыншыға алмастырды. Алайда, оның бұл әрекетінен түк шықпады. Есесіне, ресейліктер бос қақпаға төртінші шайбаны енгізіп, ойынның нүктесін қойды.

Бүгінде 50 ойыннан 72 ұпай жиған елордалықтар Шығыс конференциясында 7-орында келеді. Біздің ұжым келесі ойынын 17 қаңтар күні ойнайды. Ол кезде "Барыс" өз айдынында Нижний Новгородтың "Торпедосын" қабылдайды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!