Абель Санчес: 2016 жылы Головкин үш кездесу өткізеді

Фотография - Абель Санчес: 2016 жылы Головкин үш кездесу өткізеді

2015 жылы Головкин 3 жекпе-жек өткізіп, барлығын мерзімінен бұрын аяқтады

268 0

Орта салмақта WBA (Super), IBO, IBF және WBC (Interim) тұжырымдарының чемпионы Геннадий Головкиннің (34-0, 31 КО) бапкері Абель Санчестің айтуынша, отандасымыз 2016 жылы 3 жекпе-жек өткізеді.

"2016 жылы 3 жекпе-жек өткізуден үміттіміз. Қыркүйек айында Сауль Альвареспен кездессек, жыл соңына дейін тағы бір жекпе-жек өткіземіз. Осы жоспарымыз орындалса, 2016 жыл біз үшін өте жемісті жыл болмақ. Жалпы, біз жыл сайын кемінде 3-4 жекпе-жек өткізуді жоспарлаймыз. Алайда, HBO мен ТВ кестесі өзгеріп тұратындықтан жоспарымыз орындалмай жататын кездер болады. Мен өз шәкіртімнің үнемі қимыл-қозғалыста болғанын қалаймын. Қазір оның жасы 33-те, «Канеломен» кездесетін уақытта 34-те болады. Сондықтан оның үнемі қозғалыста болғаны бізге, бапкерлеріне ғана емес, сонымен бірге өзіне де жақсы", - дейді А.Санчес.

Айта кету керек, 2015 жылы Головкин 3 жекпе-жек өткізіп, барлығын мерзімінен бұрын аяқтады. Нақтырақ айтсақ, британиялық Мартин Мюррейді, америкалық Вилли Монороны және канадалық Давид Лемьені нокаутпен ұтты.


 BNews.kz





Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!