Australian Open жарысының жеребесі тартылды

Фотография - Australian Open жарысының жеребесі тартылды

Қазақстандық теннисшілер Зарина Дияспен Ярослава Шведова алғашқы матчтарында жеңіске жетсе өзара кездеседі

114 0

Қазақстандық Зарина Дияс (52) бірінші айналымда Мэдисон Кизбен (17) кездеседі. Ал Ярослава Шведова алғашқы матчын болгариялық Цветана Пиронковамен (61) өткізеді. Егер Дияс пен Шведова бірінші қарсыластарын жеңсе екінші айналымда бір-бірімен кездеседі, деп хабарлады Ұлттық спорт порталы Аламан.

Тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева (78) әлемнің 18-ракеткасы Каролин Возняцкимен ойнайды.

Ерлер арасында Михаил Кукушкин (63) бірінші айналымда португалиялық Жоау Соузомен (33) кортқа шығады.

Australian Open 31 қаңтарда аяқталады. 2015 жылы бұл сынды әйелдер арасында Серена Уильямс (АҚШ) пен ерлер арасында Новак Джокович (Сербия) жеңіп алған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!