Армия спортшысы грек-рим күресінен ҚР чемпионы атанды

Фотография - Армия спортшысы грек-рим күресінен ҚР чемпионы атанды

Тараз қаласында ересектер арасындағы грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан Чемпионатының бірінші күні өз мәресіне келіп жетті

306 0

ҚР Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубы Спорт комитетінің спортшылары грек-рим күресінен Қазақстан Чемпионатының алғашқы күнінде жоғары нәтижелер көрсетті. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Тараз қаласында ересектер арасындағы грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан Чемпионатының бірінші күні өз мәресіне келіп жетті. Чемпионат сегізсалмақтық дәрежеде өтуде.

Сайыстың бірінші кұнінде чемпионаттың алғашқы жеңімпаздары анықталды. 59 келіге дейінгі салмақта АОСК штаттық командасының спортшысы Дастан Өскенбеков Қазақстанның чемпионы атанды. 71 келіге дейінгі салмақта АОСК-ның мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі қатардағы жауынгер Өмірзақ Әбунасыр күміс жүлдегері атанды.

Жарыс Біріккен күрес әлемінің (UWW) қолданыстағы қағидалары мен ережелеріне сәйкес өткізіледі. Төрешілік етудің сапасын арттыру үшін турнирге Иран, Оңтүстік Корея, Италия, Моңғолия және Белоруссияның халықаралық дәрежедегі төрешілері шақырылды. Одан кейін олар қазақстандық мамандарға семинарлар өткізеді. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!