Атырауда ережесіз жекпе-жектен халықаралық турнир басталды

Фотография - Атырауда ережесіз жекпе-жектен халықаралық турнир басталды

Жарысқа елімізге танымал "Алаш Прайд" спорттық клубы мұрындық болғанын ескерген жөн.

1009 0

Мұнайлы өлкеде "Атырау – Алаш айбыны" атты ережесіз жекпе-жектен халықаралық турнир басталды. 

Спорттық дода алдында қатысушылар салмақ өлшеп, бір-бірімен танысты. Мұндай дүбірлі дода облыс аумағында тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Жарысқа елімізге танымал "Алаш Прайд" спорттық клубы мұрындық болғанын ескерген жөн. Халықаралық жекпе-жекке 7 мемлекеттен 26 кәсіби спортшы қатысуға ниетті. Олардың арасында қыздар да бар. Дәурен Үшбаев, Джиу-джитсудан Атырау облыстық федерациясының президенті:  - Біз спортшылардың деңгейімен қатар, жанкүйерлер мен көрермендерді қызықтыра алатындай тартымды шоу ұйымдастыруға тырысып жатырмыз. Әсіресе жастардың назарын салауатты өмір салтын ұстануға аударып, спортқа ден қоюға үгіттеу – басты мақсаттарымыздың бірі. Осы турнирде отандастарымыз жоғары сатыдан көрініп, Қазақ елінің көк байрағын желбіретеді деген үміттемін.
24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!