Қазақстан жастар құрамасы Достастық Кубогындағы алғашқы ойынында жеңіліп қалды

Фотография - Қазақстан жастар құрамасы Достастық Кубогындағы алғашқы ойынында жеңіліп қалды

Қазақстан жастар құрамасы алғашқы кездесуін Молдовадан келген құрдастарымен өткізген болатын

133 0

Қазақстан жастар құрамасы Достастық Кубогында алғашқы ойынын Молдова құрамасымен өткізіп ұтылып қалды, деп хабарлайды Today.kz Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасап. 

Серік Әбдуәлиевтің командасы  "Достастық Кубогындағы" алғашқы ойынында қарсыластың мықтылығын мойындауа мәжбүр болды. Кездесу тағдырын шешкен жалғыз гол ойынның  68 минутында соғылды.

Біздің топтағы тағы бір ойында Беларусь және Қырғызстан құрамалары кездесті. Бұл матч 1:0 есебімен Қырғызстан құрамасының жеңісімен аяқталды.

Қазақстан құрамасы келесі кездесуін 19 қаңтар күні Беларусь футболшыларымен өткізеді.

Қазақстан - Молдова 0:1 (0:0)

Гол: Спэтару, 68 - 0:1.

Қазақстан: Павлов, Аслан, Жұмағали, Төлиев, Сүлей (Антипов, 43), Тұңғышбаев (Элмурзаев, 76), Әділханов, Куксин, Лебедев (Воменко, 63), Таубай (Гладченко, 63), Айымбетов.

Резерв: Голубничий, Сартаков, Агайсин, Хайрулин, Соколенко.

Молдова: К.Аврам, Старыш, Розгонюк, И.Драган (Пайрель, 60), Д.Андроник, Спэтару, Ребенжа (Е.Крецу, 84), А.Макрицкий, Р.Рогак, Карауш (Д.Тарас, 84), Семиров (Бойчук, 66).

Резерв: Буга, И.Бурлаку, Свинаренко.

Ескерту: Төлиев (К), 36, А.Макрицкий (М), 38, Аслан (К), 72.

Төрешілер: Алексей Автухович, Наиль Сейфетдинов, Рафаэль Илясов (барлығы – Ресей).

17 қаңтар 2016 жыл. Санкт-Петербург, "Петербургский" СК, 100 жанкүйер. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!