"Барыс" Нижний Новгородтың "Торпедосын" жеңді

Фотография - "Барыс" Нижний Новгородтың "Торпедосын" жеңді

Есеп 5:2.

180 0

Бүгін "Барыс" командасы Құрлықтық хоккей лигасы шеңберінде өз айдынында Нижний Новгородтың "Торпедосын" қабылдады. Тартысты өткен кездесу нәтижесінде астаналықтар 5:2 есебімен басым түсіп, маусымдағы 25-жеңістеріне қол жеткізді. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.

Ойынның есебі бірінші кезеңнің соңғы минутында ашылды. Найджел Доус пен Брэндон Боченски ұйымдастырған шабуылға нәтижелі нүкте қойған Дастин Бойд матчтағы алғашқы голдың авторы атанды. Бұл кезде "Барыстың" бір ойыншысы артық болғанын атап өткен жөн.

Екінші кезеңді Андрей Назаровтың шәкірттері өте белсенді бастады. Нәтижесінде 25-минутта елордалықтар екі бірдей шайба соғып, есепті 3:0-ге жеткізді. Атап айтқанда, алдымен Майк Ландин кезекті рет ойыншы басымдығын жүзеге асырса, арада 45 секунд өткенде Константин Романов мергендігімен көзге түсті.

Алайда, қонақтар екінші үзіліске дейін есепті бір шайба айырмасына дейін қысқартуға мүмкіндік тапты. 31-минутта Артем Аляев ойыншы басымдығын пайдаланып, командасының алғашқы голын соқты. Ал кезеңнің соңғы минутында Максим Осипов "Барыс" қақпашысы Ян Лацодан айласын асырды.

Соңғы кезең тағы да біздің команданың голымен басталды. Үшінші рет ойыншы басымдығын сәтті пайдаланған "Барыс" хоккейшілері Константин Пушкаревтің көмегімен қарсыластар қақпасына төртінші шайбаны енгізді.

Тартысты кездесудің нүктесі 57-минутта қойылды. Бос қақпаны дәл көздеген Дастин Бойд дубльдің авторы атанып қана қоймай, командасының айқын жеңіске жеткізді.

Бүгінде 51 ойыннан 75 ұпай жиған "Барыс" Шығыс конференциясында 7-орында келеді. Команданың келесі кездесуі 19 қаңтарда Астанада Минскінің "Динамосына" қарсы өтеді.

Айта кетейік, Андрей Назаровтың шәкірттері енді Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатында 9 ойын ойнайды. Егер осы матчтарда ұпай жоғалтпаса, турнирдің плей-офф сатысына өтеді.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!