Елімізде футбол орталықтарының саны 16-ға жетті

Фотография - Елімізде футбол орталықтарының саны 16-ға жетті

сурет Қазақстан футбол федерациясы сайтынан

Он алтыншы орталық Петропавл қаласында ашылды

229 0

17 қаңтар күні Қазақстан футбол федерациясы президенті Ерлан Қожағапановтың Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары басталды, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясынан.

Жексенбі күні Ерлан Тоқтарханұлы Петропавл қаласында футбол нысандарын аралап, шаһардың инфрақұрылымымен танысты. ҚФФ өкілдері балалар жаттығатын "Жастар" стадионы мен "Қызылжар" клубы ойнайтын "Қарасай" стадионына да барды. Сонымен қатар, футболшылар қысқы уақытта дайындалатын Александр Винокуров атындағы Спорт сарайымен танысты. 

Дүйсенбі күні ҚФФ президенті Спорт сарайында "Қызылжар" клубының футбол орталығының салтанаттты ашылу рәсіміне қатысты. Футбол орталығына балалар және жасөспірімдер спорт мектебінен 280 бала ауысты. 

Елімізде футбол орталықтарының саны 16-ға жетті. Олар барлық облыс орталықтары мен Астана қаласында орналасқан. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!