"Хабар" телеарнасы Бүкіләлемдік бокс сериясының жарыстарын көрсетеді

Фотография - "Хабар" телеарнасы Бүкіләлемдік бокс сериясының жарыстарын көрсетеді

Осы жылы Бүкіләлемдік бокс сериясы Қазақстанда өз географиясын кеңейтті – жекпе-жектер Петропавлда және Өскеменде алғаш рет өткелі отыр

247 0

2016 жылғы 23 қаңтардан бастап 2 сәуірге дейін "Хабар" телеарнасында тікелей эфирде Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) алтыншы маусымының жарыстары көрсетілетін болады, оған Astana Arlans командасының спортшылары қатысады. Алғашқы жекпе-жек Қарағандыда  23 қаңтарда сағат 18.00-де Azerbaijan Baku Fires өтеді.

"Хабар" команданың ресми ақпараттық серіктесі болып табылады және жекпе-жектерді эфирде, сонымен қатар www.khabar.kz сайтында онлайн режимінде көрсететін болады. 

Агенттіктің спорт трансляциялары продюсері Асқат Жақаевтың айтуынша: "Хабар" қазақстандық спорттың дамуын үнемі бақылап отырады, біз үшін дәл біздің командаларды қолдау маңызды. Біз қазақстандық көрермендердің спорт қаһармандарының түрін білгендігін және олар үшін жанкүйер болу мүмкіндігі болғанын қалаған болар едік. "Хабар" телеарнасы ұзақ жылдар бойы Бүкіләлемдік бокс сериясының хост-хабар таратушысы болып табылады. Бұл – қазақстандық боксқұмарлар ұнатқан беделді турнир. "Астана Арланс" еліміздің ең нәтижелі спорт жобасы болып есептеледі, олар екі рет олжа иегері атанды. 6-маусымда «арландар» өткен жылдың нәтижесін қайталайды деп сенеміз!".

Осы жылы Бүкіләлемдік бокс сериясы Қазақстанда өз географиясын кеңейтті – жекпе-жектер Петропавлда және Өскеменде алғаш рет өткелі отыр. 

WSB алтыншы маусымында 16 клуб қатысады. Серияны екі рет жеңген Astana Arlans чемпионы осы жылы 30 күшті боксшыны шығарды. Қазақстандық команданың аға жаттықтырушысы Нұрлан Ақүрпековтің айтуынша: "Осы маусымның мақсаты – тағы да жүлделі орындар иелену. Барынша тырысатын боламыз".  

2016 жылдың маусымында Бүкіләлемдік бокс сериясында Қазақстан туын 49 килограмдық салмақ санатында Теміртас Жүсіпов, Мардан Берікбаев және Жомарт Ержан, 52 килограмдық салмақ санатында Олжас Саттыбаев, Азат Махметов, Мирас Жақыпов қорғайтын болады. Мейірболат Тоитов, Нұрсұлтан Қосшығұлов және Нұрбол Қалжанов 56 килограмм санатында, 60 килограмм санатында Закир Сафиуллин, Ержан Мүсәпіров және Бекдәулет Ибрагимов, ал 64 килограмм санатында Самат Башенов, Асхат Уәлиханов пен Сабыржан Бекбергенов өнер көрсететін болады. Клубтың атынан Аслан Шымбергенов, Қанағат Маралов және Бекзат Халметов – 69, Мейірім Нұрсұлтанов, Рустам Сваев және Ерік Әлжанов – 75 килограмдық салмақ санатында, Нұрдәулет Жарманов, Али Ахмедов, Арман Рысбек 81 килограмға дейінгі, Мұхамеджан Еркін және Рахман Әлжанов – 91 килограмға дейінгі салмақта, ал Қамшыбек Қоңқабаев, Нұржан Бекзатов және Нұрсұлтан Аманжолов 91 килограмнан жоғары салмақта шығатын болады.

Жарыс фавориттері тізімінде Ресей, Куба және Украина клубтары, сондай-ақ осы жылы Ұлыбританияның командасы рингке қайта оралды.

Қалған матчтар кесте бойынша өтетін болады:

 

Күні

Командалар

7 ақпан

Puerto Rico Hurricanes – Astana Arlans

26 ақпан

Uzbek tigers – Astana Arlans

4 наурыз

Azerbaijan Baku Fires – Astana Arlans

19 наурыз

Astana Arlans - Puerto Rico Hurricanes

2 сәуір

Astana Arlans - Uzbek tigers

 

Бүкіләлемдік бокс сериясы (World Series Boxing) – 2010 жылы құрылған және AIBA (Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы) бөлігі болып табылатын халықаралық боксшылар лигасы. Бесінші маусымда бас-аяғы 114 матч өткізілді.

Astana Arlans Қазақстандық бокс федерациясы 2010 жылы құрды, ол – ең бірінші маусымынан бері WSBқатысушысы, үшінші және бесінші маусымдардың лига чемпионы. Аstana Arlans клубының бас директоры –Серік Сәпиев.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!