Юлия Путинцева Австралия ашық біріншілігінде әлемнің экс-бірінші ракеткасын ұтты

Фотография - Юлия Путинцева Австралия ашық біріншілігінде әлемнің экс-бірінші ракеткасын ұтты

Ол алғашқы айналымда даниялық Каролин Возняцкиді жеңді

166 0

Қазақстан теннисшісі Юлия Путинцева (76) Австралия ашық чемпионатының бірінші айналымында әлемнің 18-ракеткасы даниялық Каролин Возняцкимен кездесті. Бұл туралы Ұлттық спорт порталы Аламан хабарлады.

Путинцева бірінші сетте 1:6 есебімен жеңілген. Алайда екінші сетте тай-брейкте жеңіске жетті. Шешуші сетте Путинцева екі брейк жасап, 6:4 есебімен басым түсті. Матч 3 сағат 30 минутқа созылды.

-Матч кезінде эмоциямды ұстауға, жинақы ойнауға тырыстым. Бүгінгі жеңісімді сөзбен айтып жеткізу қиын, — деді ол матчтан кейін.

Путинцева мен Возняцки бірінші рет кездесіп отыр. Даниялық теннисші 2009 және 2014 жылдары US Open жарысының финалына шыққан.

Қазақстандық теннисші екінші кезеңде қытайлық Хань Синьюньмен (162) кездеседі.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!