"Australian Open – 2016": Жарыста қанша қазақстандық теннисші қалды?

Фотография - "Australian Open – 2016": Жарыста қанша қазақстандық теннисші қалды?

Жасыл құрлықтың турнирдің жалпы жүлде қоры 19,703,000 АҚШ долларын құрайды.

396 0

Қазіргі кезде теннистен "Australian Open – 2016" турнирі қызып тұр. Қазақстандық теннисшілердің арасынан Юлия Путинцева мен Ярослава Шведова келесі кезеңге шықты, деп хабарлайды baq.kz

Әлемдегі "Үлкен дулыға" санатындағы төрт ірі турнирдің бірі. Жыл сайын қаңтар айында Мельбурн қаласында ұйымдастырылып жүр.

Бұл жарыс алғаш рет 1905 жылы ұйымдастырылған. 1927 жылға дейін чемпионат Австралазия деп аталды. Осы уақытқа дейін Мельбурн 54 рет, Сидней – 17 рет, Аделаида – 14 рет, Брисбен – 7 рет, Перс – 3 рет қабылдады. Сондай-ақ Жаңа Зеландияның Крайстчерт пен Хейтингсе қалаларында екі мәрте өткен.

Әйелдер арасында ең көп жеңіске жеткен америкалық Серена Уильямс (5 рет) болса, ерлер арасынан АҚШ теннисші Андре Агасси мен Швейцария елінің мақтанышы Роджер Федерер. Екеууі де жасыл құрлықты турнирді төрте рет жеңген.

Негізінен мұндай жарыста көпшілікті қызықтыратыны жүлде қоры екені белгілі. Жасыл құрлықтың турнирдің жалпы жүлде қоры 19,703,000 АҚШ долларын құрайды.

Қазақстандық теннисшілердің арасынан бірінші болып кортка Юлия Путинцева шықты.Қарсыласы әлемнің экс-бірінші ракеткасы дат қызы Каролин Возняцки болатын. Каролина Мельбурндағы турнирге осымен тоғызыншы рет қатысып отыр. Алғашқы сетте 24 жастағы даниялық 6:1 есебімен оңай ұтты. Бірақ Юлия берілмеді. Нәтижесінде қалған екі сетті өз пайдасына шеше білді. Матч 3 сағат 15 минутқа созылды. Қорытынды есеп – 1:6, 7:6 (3), 6:4. Осылайша Каролина екінші жыл қатарынан жарысты ерте аяқтады.

Ол былтырғы жылы да турнирмен ерте қоштасқан болатын. Бірінші айналымда Тэйлов Таунсендті жеңгенімен, кейіннен Беларусь қызы Виктория Азаренкоға (4:6, 2:6) ұтылып қалған еді.

Екінші айналымда Юлия Путинцева қытайлық теннисші Синьюнь Ханьмен жолығады.

Өкінішке қарай, Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Дияспен турнирмен ерте қоштасты. Жерлесіміз жеребе қорытындысы бойынша әлемнің 17-ші ракеткасы, талантты америкалық Мэдисон Кизбен кездесті. Заринадан екі жас кіші болса да, соңғы кездері жақсы өнер көрсетіп жүрген Киз екі сетте басым түсті. Ойын 1 сағат 26 минутқа созылды. Бірінші сет тайбрейкке дейін жетті. Ал екінші сетте Дияс қарсыласынан бір ғана гейм еншіледі. Қорытынды есеп – 7:6, 6:1.

Айта кетейік, екі теннисші бұған дейін бір-бірімен кездеспеген.

Есесіне, Ярослава Шведова жанкүйерлерін алғашқы жеңісімен қуанта білді. Ол алғашқы айналымда болгар қызы Цветана Пиронковамен жолықты. Шведова екі сетте 6:4, 6:4 есебімен ұтты. Ойын 1 сағат 31 минутқа жалғасты.

Енді Ярослава екінші айналымда Зарина Диясты жеңген Мэдисон Кизбен жолығады.

Ал ерлер арасында сынға түскен Қазақстанның бірінші ракеткасы Михаил Кукушкин де үш сетте португалиялық Жоау Соузеге ұтылды. Қорытынды есеп – 3:6, 4:6, 3:6. Кездесу 2 сағат 7 минутқа созылды.

Айта кетейік, Кукушкин АТР рейтингісінде 94-ші орында болса, Соуза - 33-ші сатыда орналасқан.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!