Юлия Путинцева "Australian Open" турнирінің үшінші айналымына шықты

Фотография - Юлия Путинцева "Australian Open" турнирінің үшінші айналымына шықты

Ол үшінші айналымнан сүрінбей өтсе әлемнің бірінші ракеткасы

163 0

Ол екінші кезеңде қытайлық әлемнің 162-ракеткасы Хань Синьюньмен кездесіп, екі сетте жеңді, деп хабарлады Аламан.

43 минутқа созылған бірінші сет 6:3 есебімен аяқталса, екінші сет 40 минутта аяқталып, қазақстандық теннисші 6:1 есебімен жеңді. Бұл — екі теннисші арасындағы алғашқы кездесу.

Путинцева енді үшінші айналымда ресейлік Маргарита Гаспарянмен (58) ойнайды. Ол бірінші айналымда әлемнің экс-бірінші ракеткасы даниялық Каролин Возняцкиді жеңген. 

Путинцева спорттық карьерасында алғаш рет Grand Slam жарыстарының үшінші кезеңіне шығып отыр.

Ертең, 21 қаңтарда қазақстандық тағы бір теннисші Ярослава Шведова екінші айналымдағы кездесуін өткізеді. Оның қарсыласы  бірінші айналымда қазақстандық Зарина Диясты жеңген америкалық Мэдисон Киз болмақ.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!