Руслан Мырсатаев кәсіпқой боксқа ауысты

Фотография - Руслан Мырсатаев кәсіпқой боксқа ауысты

Өзге спортшылар секілді Америкаға ат шалдырмаған Руслан, кәсіпқой шаршы алаңындағы алғашқы жекпе-жегін 30 қаңтар күні өткізбек

252 0

Аса ауыр салмақтағы Қазақстандық боксшы Руслан Мырсатаев кәсібін кәсіпқой бокста жалғастырмақ. Ол бұған дейін әлем чемпионаты мен олимпиада ойындарында ел намысын қорғап, кейіннен “Астана арланс” сапында да тер төккен болатын. Бұл туралы Inboxing.kz порталы хабарлайды.

 

Өзге спортшылар секілді Америкаға ат шалдырмаған Руслан, кәсіпқой шаршы алаңындағы алғашқы жекпе-жегін 30 қаңтар күні Алматы қаласында өткізбек екен.

Жерлесіміздің алғашқы қарсыласы Ресейлік Валерий Замиралов. Мырсатаевтан бөлек бұл жолы шаршы алаңға Айдос Ербосынұлы, Берікбай Нұрымбетов, Ержан Залилов, Нұрсұлтан Қабдулов сынды қазақ боксшылары шығып, кәсіпқой бокстағы рейтингтік жекпе-жектерін өткізеді. Айтулы шара жергілікті уақытпен кешкі сағат 20:00-де басталмақ.

Бокс кеші Royal Tulip қонақ үйінде өтеді.

Baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!