Футзалдан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатына дайындықты бастады

Фотография - Футзалдан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатына дайындықты бастады

22-23 қаңтар күні Қазақстан құрамасы Өзбекстан құрамасымен екі жолдастық матч өткізеді

524 0

Футзалдан Қазақстан құрамасы 20 қаңтар күні Алматыға жиналды. Какау шәкірттері Сербияда өтетін Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне дайындықты бастап кетті. Бұл туралы Baq.kz хабарлады.

22-23 қаңтар күні Қазақстан құрамасы Өзбекстан құрамасымен екі жолдастық матч өткізеді. Ойын «Зенит» ("Бағанашыл") спорт кешенінде өтеді. Матч 18:00 және 16:00-де басталады.

Қазақстан құрамасының жаттықтырушылар штабы жиынға 16 футболшыны шақырды. Еуропа чемпионатына қатысатын нақты тізімге 14 ойыншы ілігеді.

Қақпашылар: Григорий Шамро ("Інжу"), Игита ("Қайрат"); Алаңдағы ойыншылар: Дінмұхамбет Сүлейменов, Серік Жаманқұлов, Михаил Першин, Лео, Дуглас, Шыңғыс Есенаманов, ДәуренНұрғожин (барлығы — "Қайрат"), Николай Пенгрин, Павел Таку, Александр Гребонос, Арнольд Кнауб, Александр Довгань (барлығы — "Астана-Тұлпар"), Тимур Мырзабаев, Ерсултан Сағындықов (екеуі де — "Аят").

Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатында Ресей және Хорватия құрамаларымен бір топқа түсті.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!