Қазақстан спорт державалары тізімінде 30-орынға жайғасты

Фотография - Қазақстан спорт державалары тізімінде 30-орынға жайғасты

Рейтинг әлем елдерінде спорт түрлерінен өткен ірі додалар мен айтулы оқиғалар туралы ақпарат негізінде жасалған.

156 0

Беделді Sport Market Intelligence халықаралық компаниясы спорт әлеміндегі соңғы жаңалықтарға, маңызды оқиғаларға көз жүгіртіп, жиналған ақпараттарды талдап-саралап, спорт алпауыттарын жіпке тізді, деп хабарлайды bnews.kz Sports.kz cілтеме жасап.
Рейтинг әлем елдерінде спорт түрлерінен өткен ірі додалар мен айтулы оқиғалар туралы ақпарат негізінде жасалған.
Соңғы рет халықаралық компания тізімді 2015 жылдың қарашасында жаңартқан болатын, онда әр елде жалауын желбіреткен спорт жарыстары, спорт саласындағы маңызды оқиғалар туралы құнды мәліметтер топтастырылған. Sport Market Intelligence мамандары рейтинг жасауда оқиғаның ауқымын, оның спорт әлеміне, жалпы қоғамға тигізген ықпалын, бақ сынаған спортшылар санын есепке алған.
Рейтингтің өткен жолғы нұсқасымен салыстырғанда Қазақстан бұл тізімде 4 саты төмен сырғып, 81 мемлекеттің арасында 30 орынға жайғасты.
Ал әлем шаһарлары арасында Алматы 25-ші, Астана 63-ші орыннан көрінді.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!