Қазақстан жастар құрамасы Қырғызстан жастарын жеңе алмады

Фотография - Қазақстан жастар құрамасы Қырғызстан жастарын жеңе алмады

сурет ҚФФ баспасөз қызметінен

Бұл нәтиже Қазақстан жастар құрамасын жүлделі орынға таласу құқығынан айырды

251 0

Футболдан Ресейде өтіп жатқан Достастық кубогында Қазақстан жастар құрамасы топтағы үшінші ойынын өткізді, деп хабарлайды ҚФФ баспасөз қызметі.

Қазақстан жастар құрамасына өз тобында екінші орын алып, қола жүлдеге таласу үшін Қырғызстан құрамасын екі доп айырмасын ұту керек еді. Алғашқы минуттан бастап ойын басымдығын қолға алған біздің футболшылар есеп ашты. Гол авторы - Антон Куксин. Екінші таймда екінші ескерту алған Мирас Төлиев алаңнан қуылды. Ал, төреші белгіленген пенальтиден қырғыз футболшысы мүлт кетпеді.

Ойыншылар санының аз болғанына қарамастан, біздің футболшылар алға шықты. Мергендік танытқан Еркебұлан Тұңғышбаев болатын. Алайда, ойынның соңғы минутында Қырғызстан құрамасы есепті теңестіріп кетті.


Бұл ойында Қазақстан құрамасы сапында Еркебұлан Тұңғышбаев үздік ойыншы атанды. Қазақстан жастар құрамасы өз тобында соңғы орын алып, 23 қаңтар күні 7-8 орын үшін Тәжікстан құрамасымен ойнайды.

Қырғызстан – Қазақстан 2:2 (0:1)

Голдар: Омаров 52-пенальти, Боколеев 90 – Куксин 32, Тұңғышбаев 74

Қырғызстан: Шикин, Юсупов, Омаров, Қозыбаев, Шаршеев, Дуйшобеков, Ахматалиев (Левченко 59), Мұсабеков, Боколеев, Исраилов, Талғатұлы (Сағынбаев 59, Баратов 81).

Қазақстан: Павлов, Аслан, Жұмағали, Антипов (Сүлей 46), Төлиев, Агайсин, Тұңғышбаев, Әділханов, Куксин (Таубай 75), Лебедев (Гладченко 70), Айымбетов (Әлмұрзаев 88). 




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!