Юлия Путинцева Australian Open жарысының төртінші айналымына шыға алмады

Фотография - Юлия Путинцева Australian Open жарысының төртінші айналымына шыға алмады

Бұған дейін жарысты Зарина Дияс пен Ярослава Шведова да аяқтаған болатын

286 0

Қазақстандық теннисші, әлемнің 76-ракеткасы Юлия Путинцева Australian Open жарысының төртінші айналымына шыға алмады, деп хабарлады Аламан.

Ол үшінші айналымда ресейлік Маргарита Гаспаряннан жеңілді. Кездесу 3:6, 4:6 есебімен аяқталды.

Путинцева екінші айналымында қытайлық Хань Синьюньды (162-ракетка), бірінші кезеңінде әлемнің 18-ракеткасы даниялық Каролин Возняцкиді жеңген еді.

Путинцева өзінің спорттық карьерасында алғаш рет Grand Slam жарыстарының үшінші айналымына шықты.

Australian Open жарысы 31 қаңтарда аяқталады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!