Бахтияр Эюбов кәсіби рингтегі оныншы жеңісіне жетті

Фотография - Бахтияр Эюбов кәсіби рингтегі оныншы жеңісіне жетті

Эюбовтың қарсыласы бұл жолы америкалық Джаред Робинсон болды.

245 0

Қазақстандық боксшы Бахтияр Эюбов кәсіби рингте оныншы рет жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz сілтеме жасаған Alashainasy.kz. Айта кетейік, боксшы әлі бірде-бір рет жеңіліп көрген жоқ.

Екінші жартылай орта салмақтағы сегіз раундтан тұратын жекпе-жек АҚШ-та өтті. Эюбовтың қарсыласы бұл жолы америкалық Джаред Робинсон болды. Қазақстандық спортшы қарсыласын үшінші раундта нокаутқа түсірді.

Айта кетейік, Эюбов Робинсонды жекпе-жек басталғаннан кейін 30 секундтан соң нокдаунға жіберген еді. Екінші раундта да америкалық боксшы тізе бүкті. Үшінші раундта рефери жекпе-жекті тоқтатты.

Бұған дейін 29 жастағы Эюбов америкалық 36 жастағы Антонио Чавесті жеңген еді. Ол кезде қазақстандық боксшы қарсыласын бірінші раундтың екінші минутында құлатты.






Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!