Алматыда балалар және жасөспірімдер футболы қаралады

Фотография - Алматыда балалар және жасөспірімдер футболы қаралады

Аталмыш шараға Алматы қаласы мен Алматы облысының балалар және жасөспірімдер спорт мектебі мен жеке футбол мектебінің өкілдері қатысады.

284 0

 Алматыда 26 қаңтар күні сағат 09:30-да Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында Қазақстандағы балалар және жасөспірімдер футболының дамуына арналған конференция өтеді.

Конференцияға Қазақстан футбол федерациясының өкілдері, Премьер-Лига мен Бірінші Лига клубтарының басшылары, жастар футболын дамыту бағдарламасының жетекшілері, футбол орталықтарының жаттықтырушылары, "Жас Қыран" балалар және жасөспірімдер лигасының қатысушылары, сонымен қатар, Алматы қаласы мен Алматы облысының балалар және жасөспірімдер спорт мектебі мен жеке футбол мектебінің өкілдері қатысады.

Жиында балалар және жасөспірімдер футболын дамыту мәселелері, Қазақстандағы нөмірі бірінші спортты дамыту жолдары қаралады. Кездесудің қорытындысы бойынша негізгі сұрақтардың барлығы Қазақстан Республикасында 2016-2026 жылғы дейінгі футболды дамытуға арналған бағдарламаға енгізіледі.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!