Мақсат Байжанов "Шахтерға" қайтып оралды

Фотография - Мақсат Байжанов "Шахтерға" қайтып оралды

Ол қарағандылық клуб сапында төрт жыл қатарынан ойнап екі дүркін Қазақстан чемпионы атанған болатын

137 0

Қарағандылық "Шахтер" Мақсат Байжановпен келісім –шартқа отырды, деп хабарлайды Today.kz клубтың баспасөз қызметіне cілтеме жасап.

Мақсат Байжанов – Қызылорда футбол мектебінің түлегі. Өткен маусымды Атырау қаласының аттас командасында өткізген. Команда көшбасшыларының біріне айналған Мақсат бірнеше ойында өз шеберлігінің арқасында команда қоржынына маңызды ұпайлардың түсуіне үлес қосты. Біріншіліктің алғашқы жеті ойынында өз командасы үшін төрт гол  соқты. Нәтижесінде бұл голдар командаға он екі ұпай алып келді. Жалпы алғанда өткен маусымда 26 ойынға қатысып бес гол соғып төрт голдық пас берген.

"Атырау" мен "Шахтердан" өзге "Қайсар" (Қызылорда), "Ертіс" (Павлодар), "Локомотив" (Астана), "Ақтөбе", "Жетісу" (Талдықорған) сияқты командаларда ойнаған. Төрт жыл қарағандылық "Шахтер" қатарында тер төкті. Осы төрт жыл ішінде Қазақстанның екі дүркін чемпионы атанды. Сондай ақ Қазақстан кубогінде және Суперкубогінде жеңімпаз атанды.

Ұлттық құрамадағы алғашқы ойынын сонау 2005 жылы өткізген.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!