IBF Головкинге қарсылас тағайындады

Фотография - IBF Головкинге қарсылас тағайындады

Головкиннің келесі қарсыласы америкалық Доминик Уэйд болмақ.

723 0

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (34-0) америкалық Доминик Уэйдпен (18-0) жұдырықтасуын міндеттеді, деп хабарлады Sports.kz ESPN шолушысы Дэна Рафаэльдің твиттеріне сілтеме жасап.  

Тараптар келіссөз жүргізуде. Демек бұл GGG-нің 23 сәуірде аты мәшһүр қарсыласпен біріктірілген кездесуі болмайды дегенді білдіреді. Бұдан бұрын Головкиннің қарсыласы Туреано Джонсон болады деген. Алайда багамдық спортшы алған жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартты.

Уэйдтің промоутері Premier Boxing Champions басшысы Эл Хэймон болып табылады, ал Головкиннің жекпе-жегін көрсететін НВО телеарнасы Хэймонмен бірнеше жылдан бері жұмыс істемейтіні белгілі.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!