Мәскеулік "Спартак" "Астана" қақпасына жауапсыз бес гол соқты

Фотография - Мәскеулік "Спартак" "Астана" қақпасына жауапсыз бес гол соқты

Бұл елордалық команда үшін оқу - жаттығу жиыны барысында алғаш өткізген жолдастық кездесу болатын

222 0

Футболдан ел чемпионы "Астана" маусым аралық үзіліс кезіндегі оқу-жаттығу жиыны барысында мәскеулік "Спартакқа" 0-5 есебімен жеңілді, деп хабарлады Аламан.

Абу-Дабиде оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жүрген қос команданың бұл өзара алғашқы матчы. Бірінші таймда қарсыластар бір-біріне гол соға алмады. Ал екінші таймның басында Зе Луиш жылдам дубль орындап "Спартакты" алдыға шығарған. Ал матч аяқталғанға дейін Квинси Промес, Ивелин Попов және Александр Зуев есепті 0:5 жеткізді. 


Айта кетейік, бұл матчта көзге түскен Александр Зубов қостанайлық "Тобыл" футбол академиясының түлегі. Ол соңғы жылдары мәскеулік команда сапында ойнап жүр.

"Спартак" (Ресей) — "Астана" (Қазақстан) — 5:0 (0:0)
Гол: Зе Луиш, 56, 72. Промес, 79. Попов, 81. Зуев, 85.

"Астана": Эрич (Мокин 46), Бейсебеков, Малый (Гурман 46), Аничич, Шомко, Каньяс, Максимович, Твумаси (Деспотович), Тағыберген (Кабананга 46), Мужиков, Нөсербаев (Щеткин).

"Спартак": Митрюшкин, Кутин, Пуцко, Кутепов, Макеев (к), Тимофеев, Леонтьев, Мелкадзе, Зуев, Давыдов, Зе Луиш.
Екінші тайм: Ребров (к), Комбаров, Боккетти, Гранат, Паршивлюк, Ромуло, Зотов, Глушаков, Попов, Зе Луиш, Промес.

Ел чемпиондары үшін бұл оқу-жаттығу жиындарындағы алғашқы кездесу. Команда құрамы бірнеше жаңа ойыншылармен толықты. Атап өтсек: Александр Мокин, Марк Гурман, Сергей Малый, Асxат Тағыберген, Геворг Наджарян, Джордже Деспотович. Сонымен қатар, басқа клубтарға ауысқан ойыншылар тізімі де аз емес. Олар: Бранко Илич, Елдос Аxметов, Игорь Пикалкин, Георгий Жуков, Бауыржан Жолшиев, Фокси Кетевоама, Жақып Қожамберды, Денис Дедечко.

"Астана" келесі матчын Абу-Дабиде жаттығу жұмыстарын жасап жүрген командалардың бірімен өткізеді



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!