Алматыда Универсиадаға қатысушы елдердің делегациясын аккредиттеу басталады

Фотография - Алматыда Универсиадаға қатысушы елдердің делегациясын аккредиттеу басталады

Ол сонымен қатар, жарыстарға 55 елден 2 мыңдай спортшы қатысатындығын жеткізді

380 0

Алматыда ертең - 29 қаңтарда қысқы Универсиада ойындарына қатысушы елдердің делегация құрамын аккредиттеу шарасы басталады. Бұл жөнінде Алматы қаласы әкімдігінде өткен арнайы жиын барысында 2017 жылғы қысқы Универсиадаға дайындалу және оны өткізу бойынша Дирекция басшысы Әсет Әбдуәлиев мәлім етті. 

"Шет елдік ұлттық студенттік спорт федерацияларына ойындарға қатысу жөнінде хаттар жөнелтілді. Уақыт тәртібіне сәйкес, ойындар басталғанға дейін бір жыл бұрын, Универсиаданың ресми сайтында делегацияларды аккредитациялау шарасы басталады", - деді Ә. Әбдуәлиев. 

Ол сонымен қатар, жарыстарға 55 елден 2 мыңдай спортшы қатысатындығын жеткізді.

"Универсиада ойындарын тамашалауға шет елдерден 30 мыңнан астам қонақтар мен туристер келеді деп күтілуде. Оларға қызмет көрсетуге 3 мың волонтер жұмылдырылады", - деді Дирекция жетекшісі. 

Айта кетелік, қысқы Универсиада ойындары 2017 жылы 29-шы қаңтар мен 8-ші ақпан аралығында өтеді. Сегіз нысанда спорттың 12 түрінен жарыстар өтеді. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!