Геннадий Головкин кәсіпқой бокс академиясын ашқысы келеді

Фотография - Геннадий Головкин кәсіпқой бокс академиясын ашқысы келеді

сурет :@Арман Мухатов

Еліміздің мақтанышы кеше түнде елге оралған болатын

531 0

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин кәсіпқой бокс академиясын ашқысы келеді. Бұл туралы ол Астанада өтіп жатқан баспасөз маслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Today.kz.

"Мен кәсіпқой бок академиясын ашқым келеді. Жастарға қамқор болсам деймін және ұлтымыздың дені сау болғанын қалаймын" , деді GGG. Сондай –ақ ол академияның қай елде ашылатынын ашып айтпады.

Сонымен бірге, Головкин ресми елшісі атанған Цеснабанкте" салымдары бар-жоғы туралы айтып берді.

"Салым бар. Мен банктің ажырамас бөлігі екенімді айтқанмын", дейді боксшы.

Естеріңізге салсақ, кеше түнде еліміздің мақтанышы елге оралған болатын. Әуежайда оны жанкүйерлері күтіп алған болатын. Белгілі болғаны Геннадий Головкин  Астанамен қатар Алматыда да баспасөз маслихатын өткізеді.