Ақшаны оңды-солды шашпай, Универсиаданы қарапайым өткізу керек – Б. Байбек

Фотография - Ақшаны оңды-солды шашпай, Универсиаданы қарапайым өткізу керек – Б. Байбек

Сондай-ақ Б. Байбек, қала әкімдігі қаржыны үнемдеу үшін кейбір құралдарды сатып алудан бас тартып, уақытша жалға алуды шешкендерін айтты.

195 0

Универсиадаға бөлінген қаржыны оңды-солды шашпай, доданы қарапайым түрде өткізу керек. Бұл жағынан біз еуропалықтардан үлгі алуымыз қажет. Бұл жөнінде бүгін Алматы қаласының әкімі Универсиаданың басталуына бір жыл қалуына орай өткізілген жиында мәлімдеді.

 Ол Елбасының мемлекет қаржысын үнемдеу керек туралы үндеуіне құлақ асу керектігін алға тартты. "Біз Универсиадаға керек жағдайдың бәрін жасаймыз, алайда тек іс-шараларды дүркіретіп өткізуден бас тартамыз", –деді. Сондай-ақ Б. Байбек, қала әкімдігі қаржыны үнемдеу үшін кейбір құралдарды сатып алудан бас тартып, уақытша жалға алуды шешкендерін айтты. Айта кету керек, жақында Универсиаданың бюджеті 32 млрд теңгеден 17 млрд теңгеге дейін екі есеге жуық қысқарған еді.

Естеріңізге салайық, Алматыдағы Универсиада 2017 жылдың 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтеді. Қысқы Универсиада ойындарына 55 елден 2000-ға жуық спортшылар қатысады. Және аталған спорттық доданы тамашалау үшін, 30 мыңға жуық туристер мен шетелдік қонақтар келеді деп күтілуде.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!