Универсиада қарсаңында 2000 жұмысшы ағылшын тілін меңгеретін болады

Фотография - Универсиада қарсаңында 2000 жұмысшы ағылшын тілін меңгеретін болады

Ағылшын тілін оқыту бірнеше ЖОО-да жүзеге асады.

322 0

Ағылшын тілін оқыту биылғы жылдың наурыз айында басталады. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің қатысуымен өткен Универсиадаға дайындық барысы жиынында белгілі болды. Алматы қаласының әкімі Б. Байбек ағылшын тілінің Универсиадада атқаратын рөлі орасан екенін атап өтті. "Соңғы айларда біз инвесторлармен тығыз жұмыс істей бастадық. Түрлі 90 делегацияның өкілдері келді. Сондықтан біздерге ағылшын тілін еркен меңгергендердің қатарын көбейту керек",-деді.

Фото -

 Ал 2017 жылғы Универсиаданы ұйымдастыру және өткізу бойынша дирекциясының жетекшісі Әсет Әбдуәлиев ағылшын тілі курстары қай жерде оқытылатынын айтты. "Ағылшын тілін оқыту бірнеше ЖОО-да жүзеге асады. Мамандандырылған қала қызметтерінің 2000-ға жуық өкілі шет тілін ҚазҰУ, ҚазҰПУ, ҚазМҚПУ, Сүлеймен Демирел және Абылайхан атындағы университеттерде оқиды. Оқу бағдарламасы аталған университеттердің ұстаздарымен құрастырылған",- деді Ә.Әбдуалиев.

Естеріңізге салайық, Алматыдағы Универсиада 2017 жылдың 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтеді. Қысқы Универсиада ойындарына 55 елден 2000-ға жуық спортшылар қатысады. Және аталған спорттық доданы тамашалау үшін, 30 мыңға жуық туристер мен шетелдік қонақтар келеді деп күтілуде.Сондай-ақ Алматыда өтетін жарысты трансляция арқылы жалпы көлемі 80 елден 1 миллиардтан астам халық тамашаламақ.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!