Қарағандыда Сәпиев атындағы бокс турнирі өтті

Фотография - Қарағандыда Сәпиев атындағы бокс турнирі өтті

Шаршы алаңның төрінде 1998-1999 жылдары туған балғын боксшылар өнер көрсетті

167 0

Қарағандыда Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің жүлдесіне арналған бокс турнирі мәреге жетті. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасағап egemen.kz  хабарлады.

Шаршы алаңның төрінде 1998-1999 жылдары туған балғын боксшылар  өнер көрсетті. Жалпы, биылғы турнирге еліміздің түкпір-түкпірінен келген  80-нен астам былғары қолғап шебері қатысты.

Сәпиев атындағы турнир Павлодарда өтетін Азия чемпионаты алдындағы маңызды сынның бірі болды. Сондықтан жас боксшылар ринг төрінде жеңіс үшін аянбай айқасты. Халықаралық турнирлерде топ жарып жүрген Василий Самчук, Рай Сейітжанов, Садреддин Ахмедов, Бек Нұрмағамбет сынды талантты жастар бұл жолы да жеңімпаз атанды.

Сәпиев турнирінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері (чемпиондар бірінші жазылған):

46 кило: Дамир Әбдіқадыр (Алматы) —  Евгений Бабичев (Қостанай);

49 кило: Василий Самчук (Қарағанды) — Оразбек Асылқұлов (Ақмола);

52 кило: Саматәлі Төлтаев (Алматы) — Айдос Арапов (Қостанай);

56 кило: Серік Теміржанов (Павлодар) — Санатәлі Төлтаев (Алматы);

60 кило: Қазыбек Сәпенов (Атырау) — Айдын Сиқымбаев (ОҚО);

64 кило: Рай Сейітжанов (Ақтөбе) — Аятулла Тәкіжанов (Павлодар);

69 кило: Садреддин Ахмедов (Астана) — Олег Матвейчук (Алматы облысы);

75 кило: Бек Нұрмағамбет (ОҚО) — Аман Қазанғапов (Жамбыл);

81 кило: Бекзат Нұрдәулетов (Маңғыстау) — Э. Камшыбеков (Жамбыл);

91 кило: Оңталап Рахманов (Қызылорда) — Дмитрий Ахцигер (Қостанай);

+ 91 кило: Рустам Баешев (Қарағанды) — Қаныш Бақыт (Қарағанды).



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!