Руслан Мырсатаев кәсіпқой боксқа ауысты

Фотография - Руслан Мырсатаев кәсіпқой боксқа ауысты

None

181 0

Қазақстандық боксшы Руслан Мырсатаев кәсіпқой боксқа ауысты. Ол 30 қаңтар күні ресейлік Валерий Замираловқа қарсы алғашқы жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды BNews.kz.

Бокс кеші Алматы қаласындағы Royal Tulip қонақ үйінде өтеді. Айта кету керек, Ресейлік боксшының салмағы Мырсатаевтан 18 келі ауыр тартты.

Ауыр салмақтағы боксшылардан бөлек тағы 5 жұп сынға түседі.

- Александр Бенидзе (Грузия) – Берікбай Нұрымбетов (Қазақстан);

- Ержан Залилов (Қазақстан) – Нұрсұлтан Қабылов (Қазақстан);

- Александр Подольский (Ресей) – Азамат Нұркеев (Қазақстан);

- Артем Бацунов (Қазақстан) - Темірлан Райымқұлов (Қазақстан);

- Дмитрий Антипов (Ресей) – Айдос Ербосынұлы (Қазақстан).

Бокс кеші кешкі сағат 20:00-де басталады.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!