Журналистерге Головкинге спорт және саясат туралы сұрақ қоюға тыйым салды

Фотография - Журналистерге Головкинге спорт және саясат туралы сұрақ қоюға тыйым салды

Кештің жүргізушісі боксшыдан дін жайында да сұрақ қоймауды өтінді.

1696 0

Алматыда  бокстан әлем чемпионы, орта салмақтағы кәсіпқой боксшы қазақстандық Геннадий Головкин баспасөз конференциясын өткізді, деп хабарлайды Today.kz тілшісі. Журналисттермен кездесу қаланың элиталық мейрамхана кешенінде өтті.

Баспасөз конференциясы 18.30 белгіленген болатын, алайда чемпион кешігіп жатты: Головкин Астанадан"Нұр Отан" партиясының  съездінен тікелей ұшып келе жатты. Күтіп отырған уақытта, кештің жүргізушісі Алан Черкасов спикерден дін, саясат және тіпті спорт жайында да сұрақ қоймауды бірнеше рет ескертті.

"Өтінеміз, қонаққа қояр сұрақтарыңызды алдын ала тұжырымдаңыздар,. Дін тақырыбын қозғамаймыз, сонымен қатар саясат тақырыбына да тоқталмаймыз, біз қаржылық жағында сөз етпейміз, және біз, өкінішке орай, бүгін спорт туралы да сөз етпейміз. Кәсіби қызметіне де қозғамаймыз", - деп микрофоннан бірнеше рет қайталады Черкасов. Есі шыққан тілшілердің келіспеске амалдары болмады. Себебі, барлығыда көзінің қиығымен болсын Головкинді көруге асыққан.

Фото -

Головкинмен өтетін кешке тек арнайы шақыру билетімен кіруге мүмкіндік болды. Сыртта спортшының плакатымен бір топ фанаттар тұрды, алайда кештің қонағы залға артқы есіктен кірді.

Фото - Фото -

Головкинмен болған баспасөз конференциясы бір сағатқа кешігіп басталды. Спортшыны күтушілер көтеріңкі дауыспен қарсы алды. Қайтарым ретінде халықтың сүйіктісі фирмалық жымиюымен қарсы алды. Шаршағандығы немесе ашу кернегендігі бір де бір рет байқалмады.

Фото -

Бәлкім үлгере алмай қалармыз деп ойлаған журналисттер, бірінің артынан бірі Генаны сұрақ астына алды. Спортшы қойылған сұрақтарға игілікті әрі жинақы жауап берді. Алайда баспасөз қызметі басталғанынан аяқталғаны тез болды. Журналисттердің сұрағына тура 10 минут уақыт жауап берді. Осы уақыттың ішінде, чемпионның спорттық формасын сақтау үшін қолданатын емдәмі (диета), неден шабыт алатындығын және де ең алғашқы мобильді телефоны туралы ақпараттарға жауап алдық.

Универсиада жайлы сұрақта болды. Нақтырақ айтқанда Головкин Алматыда 2017 жылы  өтетін халықаралық студенттік ойындарына елшісі болуға мүмкіншілігі.

"Мен бұл туралы естідім. Менің ойымша, өте үлкен құрмет (Универсиаданың елшісі болу). Мен әзірше білмеймін, тура қазір жауап беруге дайын емеспін... Мүмкін, мен ойланамын", - дейді Головкин.

Фото -

Головкин бінеше автограф беріп, артынша оны сахна сыртына алып кетті. Алайда, көңілі толмаған журналисттер мен блогерлерге компенсация ретінде чемпион жылдам фотосессия ұйымдастырып, барлығын қуанышқа бөледі.

Фото - Фото -

Бірнеше уақыттан соң Головкин ел алдына қайта шықты, осы жолы Samsung смартфондарының жаңа топтамаларының артықшылықтары жайында сөз қозғады. Өйткені ол енді атақты брендтің ресми тұлғасы.

Фото -

Естеріңізге сала кетейік, WBA (Super), WBC (Interim), IBF және IBO нұсқалары бойынша чемпиондық белбеулердің иегері, орта салмақта қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 28 қаңтарда Қазақстанға келген. Жанкүйерлер кумирін Астана әуежайынан күтіп алған болатын.

29 қаңтар күні, Геннадий Головкин баспасөз конференциясына қатысты, сонымен қатар Астанада өткен "Нұр Отан" партиясының XVII съезіне қатысты. Белгілі болғандай, спортшы "Нұр Отан" партиясының атынан ҚР Парламентінің мәжіліс депутаттығына кандидат ретінде тізімге енген.

Сонымен қатар айта кетерлік тағы бір жәйт, Халықаралық бокс федерациясы (IBF) қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (34-0) америкалық Доминик Уэйдпен (18-0) жұдырықтасуын міндеттеді.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!