Анжелика Кербер Australian Open турнирінде жеңіске жетті

Фотография - Анжелика Кербер Australian Open турнирінде жеңіске жетті

28 жастағы Кербердің бұл "Үлкен дулыға" турниріндегі алғашқы жеңісі

416 0

Австралияның ашық біріншілігінің финалында неміс теннисшісі Анжелика Кербер әлемнің бірінші ракеткасы америкалық Серена Уильямстен басым түсті.

Екі сағат сегіз минутқа созылған ақтық сын 6:4, 3:6, 6:4 есебімен неміс қызының пайдасына шешілді.

Айта кетейік, 28 жастағы Кербердің бұл "Үлкен дулыға" турниріндегі алғашқы жеңісі. Ал 34 жастағы Уильямс аталмыш додада бұған дейін алты рет (2003, 2005, 2007, 2009-10, 2015) жеңімпаз атанған.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!