Путинцева Қазақстанның бірінші ракеткасы атанады

Фотография - Путинцева Қазақстанның бірінші ракеткасы атанады

Ол бұған дейін Қазақстанның бірінші ракеткасы болмаған еді

164 0

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Әйелдер теннис ассоциациясының (WTA) жаңарған рейтінгісінде алғаш рет Қазақстанның бірінші ракеткасы атанады, деп хабарлайды Vesti.kz. Australian Open ойындарының үшінші айналымына дейін шыққан қазақстандық 21 жасар Путинцева 13 сатыға көтеріліп, WTA рейтингісінде 63-орынды иеленеді.Бұған дейін Қазақстанның бірінші ракеткасы болған Зарина Дияс 12 сатыға төмендеп, 69-орынға орналасты. Ал Ярослава Шведова болса, 70-тен 83-орынға түсті. Әлемнің бірінші ракеткасы америкалық Серена Уильямс болды. Ал Australian Open-нің жеңімпазы Ангелика Кербер  бірден алтыншыдан екінші орынға көтерілді.





Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!