Руслан Мырсатаев алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті

Фотография - Руслан Мырсатаев алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті

Мырсатаевтың кәсіпқой бокстағы дебюттік жекпе-жегіндегі қарсыласы ресейлік Валерий Замиралов болды

147 0

 Әуесқой бокста ел намысын қорғаған аса ауыр салмақтағы боксшы Руслан Мырсатаев кәсіпқой рингтегі алғашқы кездесуін өткізіп, техникалық нокаутпен жеңіске жетті, деп хабарлады  egemen.kz .

Мырсатаев кәсіпқой бокстағы дебюттік жекпе-жегінде ресейлік Валерий Замираловпен сынға түсіп, бірінші раундта-ақ қарсыласын нокаутқа жіберді.

Айқастың алғашқы секундтарында Замиралов жойқын соққыларымен шабуыл жасап көрді. Алайда, қорғаныста сауатты қимылдаған отандасымыз өзі де қарымта шабуыл ұйымдастырды. Нәтижесінде ресейлік аяғынан жарақат алып, төрешілер жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды.

Бокс кеші BM Global және Diamond Ring ЖШС-лерінің, сондай-ақ, Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының ұйымдастыруымен кеше Алматыдағы Royal Tulip қонақ үйінде өтті. Русланнан бөлек, рингке Айдос Ербосынұлы, Берікбай Нұрымбетов, Нұрсұлтан Қабдулов және тағы басқа қазақстандық боксшылар көтерілді. Өз кезегінде Айдос Ербосынұлы да ресейлік Дмитрий Антиповты бірінші раундта нокаутқа жібергенін атап өткен жөн.

Айта кетейік, Руслан Мырсатаев ұлттық құрама сапында 2008 жылы Қытай астанасы – Бейжің қаласында өткен Олимпиалық Ойындарға қатысты. Одан бөлек, ол "Астана арландары" командасымен бірге Бүкіләлемдік бокс сериясы сайысының чемпионы атанды



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!