Джокович Australian Open турнирін 6-рет жеңіп алды

Фотография - Джокович Australian Open турнирін 6-рет жеңіп алды

Ол финалда ағылшындар сенім артқан Энди Маррейден үш сетте 6:1, 7:5, 7:6 есебімен басым түсті.

226 0

Бүгін теннистен "Үлкен дулыға" санатындағы Австралия ашық чемпионаты мәресіне жетті. Екі аптаға жалғасқан турнирдің ерлер арасындағы бәсекесінде серб теннисшісі Новак Джокович жеңіске жетті. Ол финалда ағылшындар сенім артқан Энди Маррейден үш сетте 6:1, 7:5, 7:6 есебімен басым түсті. Бұл туралы egemen.kz хабарлайды.

Осылайша, 28 жастағы Джокович аталған сайысты 6-рет жеңіп отыр. Ол бұған дейін Australian Open турнирінде 2008, 2011, 2012, 2013 және 2015 жылдары топ жарған болатын. Сондай-ақ, сербиялық үшін бұл "Үлкен дулыға" турнирлеріндегі 11-жеңіс екенін атап өткен жөн.

Ал оның құрдасы Маррей осымен 5-рет Австралия ашық чемпионатының финалында жеңілді және соның төртеуінде дәл осы Джоковичке есе жіберген еді.

Айта кетейік, кеше әйелдер арасындағы сайыста сенсациялық нәтиже тіркеліп, Германия спортшысы Ангелик Кербер чемпион атанды. Ол шешуші кездесуде азулы қарсылас – америкалық Серена Уильямсты 6:4, 3:6, 6:4 есебімен жеңіп, "Үлкен дулыға" турнирін алғаш рет жеңіп алды.

Сонымен қатар, Путинцева Қазақстанның бірінші ракеткасы атанады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!