Қазақстан біріншілігінің екінші кезеңінде ұпай екіге бөлінбейді

Фотография - Қазақстан біріншілігінің екінші кезеңінде ұпай екіге бөлінбейді

2016 жылы ел біріншілігіне 12 команда қатысады

329 0

1 ақпан күні Қазақстан футбол федерациясының Атқару Комитетінің Бюросында Премьер-лига клубтарының арасында өтетін чемпионатта қатысушылараның құрамы, күнтізбесі, өзгерістері және қосымшалары бекітілді, деп хабарлады  Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты.

 2016 жылы Чемпионатта 12 команда қатысады: "Астана" (Астана), "Қайрат" (Алматы), "Ақтөбе" (Ақтөбе), "Ордабасы" (Шымкент), "Атырау" (Атырау), "Ертіс" (Павлодар), "Тобыл" (Қостанай), "Оқжетпес" (Көкшетау), "Тараз" (Тараз), "Шахтер" (Қарағанды), "Жетісу" (Талдықорған), "Ақжайық" (Орал).

Бірінші лига қатысушыларының құрамы кейінірек бекітіледі.

Чемпионат екі кезеңде өтеді. Бірінші кезеңде әр команда әрбір қарсыласпен екі рет ойнайды. Екінші кезеңде алғашқы алты командалар 1-6 орындар үшін күреседі. Қалған алты команда 7-12 орындар үшін ойнайды. Енді бірінші кезеңде жиналған ұпайлар екінші кезеңнің алдында екіге бөлінбейді. Екінші кезеңде командалар жиналған ұпайлармен бірге күресін жалғастырады.

Қазақстан футболы шәкірттерінің саны және жас футболшыларының лимиті де өзгерді. Әр клуб өтінімге Қазақстан футболының шәкірттері емес 8-ден артық ойыншыларды енгізе алмайды. Солардың 6-уы Чемпионатта бір уақытта алаңға шыға алады. Бірінші лига клубтары Қазақстан футболы шәкірттері емес өтінімге еңгізе алатын ойыншылар саны – 3. Премьер-лиганың әрбір клубы ойынның хаттамасына 1994 жылдан бастап туған екіден кем емес жас қазақстандық ойыншыларды қосуға міндетті. Бірінші лиганың клубтары 1994 жылдан бастап туған екі жас ойыншыны және 1996 жылдан бастап туған бір жас ойыншыны бүкіл матчқа шығаруға міндетті.

Премьер-лиганың әрбір клубы өтінімге 30-дан көп ойыншыларды еңгізе алмайды (2015 жылы - 25-тен артық емес). Екінші лигада өнер көрсететін, жастар құрамының әр ойыншысы негізгі құрамда ойнай алады. Әр клуб 2001 жылдан бастап туған, Қазақстан футбол федерациясының жасөспірімдер арасындағы жарыстарда өнер көрсететін негізгі және жастар құрамдарына бір уақытта 10-ға дейін жас ойыншыларды қолдана алады.

Бірінші лиганың әрбір клубы негізгі құрамға 30-дан астам ойыншыны және қосымша 10-нан артық 1996 жылдан бастап туған қазақстандық ойыншыларды өтінімге еңгізе алмайды. Бірінші лиганың клубтары Премьер-лиганың командалары сияқты 2001 жылдан бастап туған, жас өспірімдер арасында өнер көрсететін ойыншыларды қолдана алады.

Регламентке бір жаңа бекет қосылды. Енді клубтар трансферлік кезеңнен тыс жаңа ойыншыларды еңгізе алатын жағдайлар: а) ойыншының өлімі, б) қақпашы ауыр жарақат алғанда (3 айдан артық емделуі қажет болғанда), в) ұлттық құрама сапында ауыр жарақат алғанда (3 айдан артық емделуі қажет болғанда).

Қосалқы құрамдар арасындағы чемпионаттың және ҚКФЛ Кубогінің орнына енді Екінші лига чемпионаты құрылды. Осы біріншілікте Премьер-лиганың жастар командалары қатыса алады (1995 жылдан бастап туылған ойыншылар). Біріншіліктің жеңімпазы 2017 жылы Бірінші лигада өнер көрсетуге мүмкіндік алады. 1994 жылы туылған және негізгі құрамда өнер көрсететін ойыншылар Екінші лигада ойнай алады. Екінші лигада Премьер-лигадан басқа клубтар да қатыса алады.

Барлық чемпионаттарының хаттамаларында қосалқы футболшылардың саны 7-ден 9-ға дейін ұлғайды.

Қазақстан Кубогында Премьер-лига және Бірінші лиганың командалары ойнайды. Алғашқы екі кезеңде тек қана Бірінші лиганың клубтары ойнай алады. Олар ең үздік 4 команданы анықтап, 1/8 финалы кезеңінен бастап Премьер-лига клубтарымен ойнайды. Жартылай финалға дейін барлық кезеңдерде жеңімпаз бір матчта анықталады.

Регламентке тағы да бір бекет қосылды. Егер Чемпионатты және Кубокты бір команда жеңсе, Суперкубок үшін ойынында чемпион және екінші орын алған командалар ойнайды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!