Подобедова Хьюстондағы әлем чемпионатының қола жүлдесін алады

Фотография - Подобедова Хьюстондағы әлем чемпионатының қола жүлдесін алады

Светлана Подобедова ол жарыста үздік үштікке іліне алмай төртінші орынға тұрақтаған

190 0

Хьюстондағы әлем чемпионатында 75 келіде төртінші орын алған Светлана Подобедова енді қола медаль алады, деп хабарлады Аламан.

Осы салмақта қола алған ресейлік Ольга Зубова Халықаралық ауыр атлетика федерациясы тарапынан ресми түрде допинг қолданды деп айыпталып, екі жылға спорттан шеттетілді.

Енді қола медаль Подобедоваға беріледі.Светлана Подобедова 2009 және 2011 жылы өткен әлем чемпионатында алтын, 2011 жылы күміс медаль алған. 2012 жылы Лондон олимпиадасының чемпионы атанған.

Қазақстан Хьюстондағы әлем чемпионатында екі алтын, екі күміс, бір қола медаль алған. Алайда күміс пен қола иеленген Алмас Өтешов пен Жасұлан Қыдырбаев "допинг қолданды" деген айыппен уақытша жарыстардан шеттетілген. Оларға қатысты нақты шешім алдағы күндері жарияланады



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!