Мессиге еліктеген балақай онымен кездесетін болды

Фотография - Мессиге еліктеген балақай онымен кездесетін болды

5 жасар бала Ауғанстан футбол федерациясының жаттығу базасына барып қайтты.

144 0

Ауған жерінен бүкіл әлемнің ғаламтор пайдаланушылары асыға күткен жаңалық жетті. 

Ақпаратқа сәйкес, Мессидің ойындағы нөмірін пластик пакетке жазып киген балақайға атақты ойыны өрнекті футболшы беріп жіберген джерси (jersey) ұзын жеңді футболка жоғалып қалмай, аман-есен табысталды. Сөйтіп, Муртаза Ахмади өзі армандаған "Барселонаның" қою қызыл-көк футболкасына қол жеткізді, деп хабарлайды eurosport.co.uk. Бұл үшін 5 жасар бала Ауғанстан футбол федерациясының жаттығу базасына барып қайтты. "Мен футболды да, Мессиді де жақсы көремін. Менің Мессиге қатты ұқсағым келеді", – депті Муртаза. Бірақ, қызық әлі алда екен. Қазір Ауғанстан футбол федерациясы Муртазаның Лионель Мессимен кездесуін ұйымдастыруды жоспарлауда. Федерация баспасөз хатшысының мәлімдеуінше, кездесудің жәй-жапсары әлі толық пысықталмаған.

www.24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!