Геннадий Головкин күтпеген жерден Майқұдықтағы мектепке қонаққа келді

Фотография - Геннадий Головкин күтпеген жерден Майқұдықтағы мектепке қонаққа келді

Ол оқушыларға бокс секциясы мен өзге де жабдықтарды сыйға тартып, біраз кеңестерімен бөлісті.

612 0

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин аяқ астынан Қарағандыдағы орта мектепке келіп, оқушыларды қатты таңырқатты деп хабарлайды nur.kz порталы.

3 ақпан күні Головкин журналистерді құлақтандырмай Әлихан Бөкейханов атындағы №76 орта мектепке барды. Ол оқушыларға бокс секциясы мен өзге де жабдықтарды сыйға тартып, біраз кеңестерімен бөлісті.

Фото -

Жергілікті журналист Ботабек Тілегенов өз Facebook парақшасында Головкиннің мектепке келгенін мектеп оқушыларының бірінен білгенін жазған.

"Мен қуанып, мектепке келдім, ол жерде БАҚ-тың өзге өкілдері болған жоқ", - деп жазған Тілегенов.

№76 мектеп Майқұдық ауданында орналасқан. Дәл сол өңірде Головкин дүниеге келіп, ер жеткен. Ол №65 орта мектепте білім алған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!