Футзалдан Қазақстан құрамасы Ресейге жол берді

Фотография - Футзалдан Қазақстан құрамасы Ресейге жол берді

Ойын Еуропа чемпионаты аясында өткен болатын

175 0

Сербияда өтіп жатқан футзалдан Еуропа чемпионатының топтық кезеңінде Қазақстан ұлттық құрамасы Ресей футболшыларына жеңіліп қалды, деп хабарлады Аламан.

Матч басталасымен қос команда бірден шабуылға шыққан жоқ. Алаңға бой үйретіп алған соң ресейліктер сапынан бразилиялық легионер Ромуло жарты минуттың ішінде екі гол соғып кетті. Бірақ Қазақстан футболшылары араға бір минут салып қақпашы Игитаның араласуымен болған шабуылда Жаманқұлов есепті қысқартқан. Ал екінші тайм Қазақстан футболшыларының басымдылығымен өтті, алайда гол соғатын мүмкіндіктерді пайдалана алмады.

Қазақстан мен Ресей осыған дейін екі рет кездескен. Ресей футболшылары барлық кездесуде жеңіске жеткен.

Ресей соңғы өткен Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері. Ал қазіргі чемпиондар Италия құрамасы.

Қазақстан құрамасы топтағы екінші ойынын 5 ақпан Хорватиға қарсы өткізеді.

Ресей — Қазақстан 2:1 (2:1)
Голдар: Ромуло 12 (1:0), Ромуло 12 (2:0), Жаманқұлов 13 (2:1)
Ескерту: Сулейменов 19
Ресей: Густаво, Викулов — Шаяхметов, Давыдов, Эдер Лима, Робиньо, Сергеев, Кутузов, Милованов, Ромуло, Переверзев, Лысков, Абрамов, Шакиров
Қазақстан: Игита, Шамро — Лео, Дуглас, Довгань, Есенаманов, Сулейменов, Першин, Кнауб, Гребонос, Жаманқұлов, Пенгрин, Таку, Нұрғожин
Төрешілер: Эдуарду Фернандеш Коэлью (Португалия), Фернандо Гутьеррес Лумбрерас (Испания), Геральд Баэурфайнд (Австрия)



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!