Самат Смақов "Ақтөбеге" оралды

Фотография - Самат Смақов "Ақтөбеге" оралды

Қазақ футболының аңызы "Ақтөбе" командасына араға төрт жыл салып қайта қосылып отыр

304 0

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Самат Смақов "Ақтөбе" клубымен үш жылға келісім-шарт жасасты, деп хабарлады Аламан.

Былтырғы маусымда ол "Ертіс" сапында 26 ойынға қатысып үш гол соққан. Ал "Ақтөбе" клубында ол 2007-2012 жылдар аралығында доп тепті. Осы уақыт аралығында ол үш рет ел чемпионы атанып, екі рет Қазақстан кубогын иеленген.

"Ақтөбе" клубынан кеткеннен кейін түркиялық "Ризеспор", алматылық "Қайрат" және павлодарлық "Ертіс" клубтарында доп тепті.

Естеріңізге сала кетейік, Самат Смақов бұл шешімге "Ақтөбе" футбол клубының бюджеті екі есе қысқарған соң келді. Қазіргі уақытта "Ақтөбе" клубы жаңадан жасақталып жатыр



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!