Қазақстан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Фотография - Қазақстан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

сурет egemen.kz сайтынан

Бұл жолы отандастарымыз Норвегияны 11:3 есебімен тізе бүктірді

187 0

 Ресейдің Ульяновск қаласында өтіп жатқан допты хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы екінші жеңісіне қол жеткізді. Бұл жолы отандастарымыз Норвегияны 11:3 есебімен тізе бүктірді. Осылайша, біздің құрама жарыстың жартылай финалына жолдама алды. Бұл туралы egemen.kz  хабарлады.

Ойын барысында Қазақстан сапынан Вячеслав Бронников төрт мәрте мергендігімен көзге түссе, Рауан Исалиев хет-трик атанды. Сондай-ақ, Руслан Галяутдинов – екі, Максим Гавриленко мен Сергей Почкунов бір голдан соқты.

Ал Норвегия құрамасынан Николай Йенсен екі рет біз қақпаны дәл көздесе, үшінші гол Фредрик Рэндсборгтың еншісіне жазылды.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан А тобында айдын иесі Ресейден 1:9, Швециядан 4:11 есебімен жеңілген болатын. Ал үшінші кездесуде Финляндиядан 5:4 есебімен басым түсті.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!