Футзалдан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатының ширек финалында

Фотография - Футзалдан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатының ширек финалында

Хорватиямен болған ойында Серік Жаманқұлов қос голымен көзге түсті

393 0

Футзалдан Сербия астанасы – Белград қаласында өтіп жатқан  Еуропа чемпионатында Қазақстан құрамасы Хорватияны ұтып ширек финалға жолдама алды. Кездесу 4-2 есебімен аяқталды. Қазақстандықтар қатарында Серік Жаманқұлов қос гол соқса, Дінмұхамет Сүлейменов пен Дуглас та мергендігімен көзге түсті. Қазақстанның топтан қай орынмен шығатыны әзірге белгісіз. Ол Ресей Хорватия ойынынан соң белгілі болмақ. Ал Қазақстанның ширек финалдағы қарсыласы Әзірбайжан мен Италия құрамаларының бірі болуы ықтимал. Ол да алдағы уақытта белгілі болады.

Қазақстан — Хорватия 4:2 (3:1)
Гол: Дуглас 6 (1:0), Матошевич 7 (1:1), Сулейменов 7 (2:1), Жаманқұлов 17 (3:1), Жаманқұлов 27 (4:1), Сутон 33 (4:2)
Ескерту: Есенаманов 32, Игита 40 — Сутон 35
Қазақстан: Игита, Шамро — Лео, Дуглас, Довгань, Есенаманов, Сулейменов, Першин, Кнауб, Гребонос, Жаманқұлов, Пенгрин, Таку, Нұрғожин
Хорватия: Юкич, Билич — Грцич, Еловчич, Новак, Маринович, Матошевич, Грбеша, Петрович, Бабич, Пандуревич, Сутон, Хорват
Төрешілер: Олег Иванов (Украина), Габор Ковач (Венгрия)
5 ақпан. Белград. "Арена Белград". 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!