Қазақстан құрамасы допты хоккейден қола жүлдеге таласады

Фотография - Қазақстан құрамасы допты хоккейден қола жүлдеге таласады

Жартылай финалда ұлттық құрамамыз Ресейден 6:16 есебімен есе жібіеріп, жеңілді.

297 0

Допты хоккейден Ресейдің Ульяновск қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы финалға шыға алмады. Жартылай финалда ұлттық құрамамыз Ресейден 6:16 есебімен ойсырай жеңілді. Бұл туралы egemen.kz хабарлайды.

Ойын барысында Қазақстан сапынан Рауан Исалиев, Павел Дубовик және Дмитрий Завидовский бір-бір голдан соқса, Сергей Почкунов хет-триктің авторы атанды.

Келесі жартылай финалдық ойында Швеция мен Финляндия кездесіп, финндер 3:2 есебімен басым түсті. Енді Финляндия мен Ресей чемпиондық атақты сарапқа салса, Қазақстан Швециямен қола жүлдеге таласады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!